Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанға жаңа жолаушылар ұшағы жеткізілді

  • AstanaTV
  • 16 қараша 2016
  • 3376

Қазақстан ЭКСПО-ға келген шетелдік қонақтарды жаңа ұшақтармен таситын болады. Бүгін елімізге «Эйрбас 320 НЕО» жаңа жолаушылар ұшағы жеткізілді. Қазақстан аталған ұшақты ТМД елдері мен Орталық Азияда бірінші болып сатып алған. Жаңа "Эйрбас" ішкі рейстерді орындайды. Сондай-ақ, Қытай, Түркия, Мәскеу, Үндістан және Біріккен Араб Әмірліктеріне қатынайтын болады.

Мамандардың сөзінше, "Эйрбас 320 НЕО" реактивті ұшақтар санатына жатады. Онда 16 бизнес класс пен 132 эконом класс орындары бар. Ұшақ бұған дейінгі үлгілерге қарағанда жанар-жағармайды 15 пайызға аз жағады. Сол себепті ұшу қашықтығы да ұзақ. Ұшақтың бағасы мен билеттердің құны әзірге коммерциялық құпия болып қалмақ. Келесі жылдың басында Қазақстанға тағы екі ұшақ жеткізіледі.

Айта кетейік, өткен жылы «Эйр Астана» 11 жолаушылар ұшағын лизингпен сатып алу туралы келісімді рәсімдеген болатын. Бүгін таныстырылған "Эйрбас 320" солардың алғашқысы.

Питер Фостер, «Эйр Астана» әуе компаниясының президенті:

Эйрбас Нео ұшағын алғашқылардың бірі болып алып отырмыз. Бұл өте маңызды жағдай. Нео, шынымен де, революциялық технологиялар. Ұшақтың жасалуына жаңа материалдар мен үнемді қозғалтқыш қолданылған. Соның арқасында ұшақтың тиімділігі 18 пайызға артып отыр. Сондай-ақ ұшақтың қоршаған ортаға зияны аз. Бұл ұшақ ЭКСПО кезінде қызмет атқаратын болады.