Русский Сайттың толық нұсқасы

Актриса Әсел Асқар шетінеп кеткеніне бір жыл толған ұлына жазба арнады

  • AstanaTV
  • 06 қазан 2023
  • 786

Актриса Әсел Асқардың кенже ұлы Айбарыстың шетінегеніне биыл бір жыл өткен. Өнер иесі Instagram парақшасында ұлына жазба арнады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Менің өмірімдегі ең ауыр, ең қиын жыл да аяқталды. Бүгінгі күнннен қатты қорыққанымды тек жақындарым ғана білетін шығар. Баламды сағынбаған күнім болған емес. Біреулер маған таңғалды, біреулер аянышпен қарады. Ал біреулер менің әрекетіме баға беріп үлгерді. Бірақ мен өз қайғыммен өзім үнсіз алыстым. Мен бұл жылды лайықты өткіздім. Мен өзімді қолға алғаным үшін, өзіммен жұмыс істегенім үшін мақтанамын. Құладым, қайта тұрдым. Бірақ өзіммен үнемі жұмыс істедім. Мен тек өмір сүруге тырыстым. Анам мен әпкеме шын жүрегіммен алғыс білдіремін. Мұндай қайғыдан кейін өмір сүру мүмкін, бірақ өте ауыр. Бір жыл маған он жылға татитындай болды. Ұлымның менімен мақтанатынына сенімдімін. Осы күшті маған берген ұлым. Мен оның махаббатын әр заттан көремін. Білемін, сен ораласың. Мен сені күтемін", - деп жазды Әсел Асқар.