Елімізде бір аптада коронавирустың жаңа түрі 100 адамнан анықталды. Эрис деп аталатын штам барлық аймаққа тарап үлгірген. Ауру белгілері тұмауға ұқсайды. Бас ауырады, мұрыннан су ағады, тамақ көтеріліп, жөтел қысып, әлсіздік пайда болады. Әзірге ауыр жағдайда емханаға түскен науқас жоқ.
Айнагүл ҚУАТБАЕВА, "САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ" ҒПО ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Алынған сынамалардағы оң нәтиже берген материалды біз одан терең сиквенерлеу әдісі арқылы осы айналымда болып жатқан қоздырғыштардың вирустардың арғы тегін, соңғы мутацияға ұшыраған-ұшырамағандығын да анықтап, бұл жұмыс біздің мемлекетімізде ай сайын жүргізіледі.