Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада үздік білім ордасына 34 млн. теңге табысталды

Қызылордада үздік білім ордасына 34 миллион теңге табысталды. Қаладағы Әли Мүслімұлы атындағы 101 мектеп-лицейі «Орта білім беретін үздік ұйым» байқауынан оза шапты.

Мерекеде облыс ұстаздары құрмет төрінен көрінді. №4 облыстық мектеп-интернатының мұғалімі Әсемгүл Жақсылықова «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағымен марапатталды. Ал ардагер ұстаз Әлима Әбдіқалықова Қызылорда облысының құрметті азаматы атанды. Ол 50 жылдан бері ұстаздық жолда адал еңбек етті.

Әлима ӘБДІҚАЛЫҚОВА, АРДАГЕР ҰСТАЗ:

Бүгінгі ұстаздар күні ерекше статуста. Өйткені халықаралық ұстаздар күні болып аталып жатқаны. Әрине бұл статус мұғалімдерді халықаралық дәрежеде жұмыс істеуіне ынталандырады.

Салтанатты жиында шалғай ауылдардан келген көптеген ұстаздарға арнайы алғыс хаттар мен дипломдар табыс етілді. Сондай-ақ, облыстық байқау жеңімпазы атанған білім ордасына 34 миллион теңге берілді.

Айгүл ӨТКЕЛБАЕВА, Ә.МҮСЛІМҰЛЫ АТЫНДАҒЫ №101 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Алдағы уақытта материалдық-техникалық базаны жақсартамыз. Бикробиологияға көп көңіл бөлеміз деп отырмыз біз биылғы жылы. Сонымен қатар ІТ саласына, робототехникаға біз жабдықтар аламыз деп отырмыз.

Аймақтың білім саласында соңғы жылдары қарқынды жұмыстар атқарылуда. Бір жыл ішінде салаға 245 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінген.

Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірімізде құны 100 млрд теңгені құрайтын 12 300 орынға арналған 21 мектеп салынуда. «Білімді қолдау қоры» есебінен 7,9 млрд теңгеге физика-математика бағытындағы мектеп-интернат құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Салтанатты кеш жергілікті өнерпаздардың концертіне ұласты.