Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскемендегі жылу орталығында жөндеу жұмыстары аяқталды

  • AstanaTV
  • 08 қазан 2023
  • 790

Өскемен қаласындағы жылу электр орталығында жөндеу жұмыстары аяқталып, дайындық паспорты берілді.

«Өскемен ЖЭО» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, жылу электр орталығы 2023-2024 жылғы күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындығын растайтын паспорт алды. Бұл құжатты ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті берген.

«Осылайша, орталықтың энергия өндірісінің қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті белгіленген стандарттар мен талаптарға сәйкестігі расталды. Күзгі-қысқы кезеңге дайындық барысында ЖЭО-да негізгі және қосалқы жабдықтар бойынша жоспарланған жұмыстар толықтай аяқталды», - делінген ақпаратта.

Атап айтқанда, орталықтағы №8, 9, 12, 13 қазандықтар, № 4, 6, 8, 9, 10, 11 турбиналық қондырғылар ағымдағы жөндеуден, № 11 қазандық пен № 7, 12 турбиналық қондырғылар күрделі жөндеуден өткен.

Еске салсақ, осыған дейін Риддер жылу орталығында апта соңына дейін тағы бір қазандық іске қосылатындығы хабарланған.