Елімізде 900 мыңнан астам жас - жұмыссыз. Бұл туралы мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев "AMANAT" партиясы жанындағы республикалық Жастарды қолдау кеңесінің отырысында айтты. Билік статистиканы үш бөлікке бөліп, жұмыссыз жастардың нақты санын бұрмалайды деді ол. Ресми статистикаға сүйенсек, өткен жылы 9600 жас жұмыс іздеп Оңтүстік Кореяға кеткен. Бірақ іс жүзінде онда 20 мыңнан астам отандасымыз жүр. "AMANAT" партиясы сайлауалды бағдарламасы аясында жоғары оқу орындары мен колледждерде гранттар санын жыл сайын ұлғайтуда. Сондай-ақ, Партия 2027 жылға дейін 1,5 миллионнан астам жасты жұмыспен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
Нартай СӘРСЕНҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Біз гранттар береміз, біз оқуға мүмкіндік береміз. Бірақ еңбек нарығында сұраныс жоқ. Еңбек нарығында жұмыс орны болғанның өзіңде, еңбек ақы, жалақы сәйкес келмейді. Өзің-өзі жұмыспен қамтыған жастар деген категорияны түбімен құрту керек. Оның ішіне таксистер болады. Оның ішіне жеміс - жидек, көкеніс сататын орындарда саудамен айналысатын жастар болады дұрыс па? Бірақ олардың табысы тұрақты емес. Кешіріңіз олардікі маусымдық ғана. Немесе жасыл ел бар, басқа да бағдарлама бар маусымдық осының барлығын ішіне кіргіземіз. Бұл болмайды.