Русский Сайттың толық нұсқасы

Өзін қорғамақ болған: Павлодарда күйеуін өлтірген дәрігерге қатысты сот үкімі шықты

  • AstanaTV
  • 10 қазан 2023
  • 683

Павлодарда өзін қорғаймын деп күйеуін өлтірген Екібастұз тұрғынына қатысты үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қылмыстық іс Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен қаралды.

"8 мамыр күні сағат 04:55 шамасында Екібастұз қаласында жүктіліктің соңғы аптасындағы әйел күйеуінен таяқ жеп, өзін қорғау мақсатында күйеуін мойыны, қолы және кеуде тұсынан бір пышаұ тығып, өкпесіне зақым келтірген. Алған жарақаттарынан ер адам қайтыс болды", – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сот келіншекке қатысты үкім кесіп, оны кінәлі деп таныды.

"А.-ны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі "Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан, адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ана мен баланың мүддесі үшін, А.-ның 2023 жылы туылған баланы тәрбиелеп отырғандығына байланысты үкімді орындау бес жылға шартты түрде тоқтатылды", – деп атап өтті сот.

Сот алқабилердің қатысуымен үкім шығарған кезде марқұмның мас күйінде жүкті әйеліне жеңіл зиян келтіргенін, осыған дейін бірге өмір сүрген кезде оған бірнеше рет зорлық-зомбылық көрсеткенін ескерді.

Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың тамыз айында екібастұздық 31 жастағы травматолог күйеуін өлтіргенін мойындаған видео хабарлама түсірген болатын. Әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын, өзін және құрсағындағы сәбиінің өміріне қауіп төнгенін, өзін қорғау үшін күйеуін соққыға жыққанын айтты.