Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде газ құбырында апат болды: оқиға орнына қала әкімі барды

  • AstanaTV
  • 10 қазан 2023
  • 781

Ақтөбеде тұрғын алабында 9 қазан күні кешке газ құбырын басқару стансасында апат болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

9 қазан күні сағат 21:51-де "Береке" тұрғын алабындағы диспетчерлік пунктте газ жарылғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері аттанды.

Төтенше жағдайлар департаменті Ақтөбедегі газ құбырындағы апатқа қатысты түсінік берді.

Астана аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Ислам Ілеуовтің айтуынша, департамент қызметкерлері газдың шығуын анықтаған. Құтқарушылар газ беру клапанын жабу арқылы мәселені анықтады.