Русский Сайттың толық нұсқасы

2017 жылдан бастап ескі көлікті тапсырып, 315 мың теңге көлемінде сертификат алуға болады

  • AstanaTV
  • 17 қараша 2016
  • 3244

2017 жылдан бастап ескі көлікті тапсырып, 315 мың теңге көлемінде сертификат алуға болады. Ол сертификат сізге автосалоннан жаңа көлік алғанда жеңілдік береді. Бұл туралы утилизация бағдарламасымен айналысатын «Оператор РОП» серіктестігінің басқарушы директоры мәлімдеді. Қолданыстан шыққан көліктерді оператор 21-ші қарашадан бастап қабылдайды.

Халықты тозған көліктерді утилдеуге тапсыруға қызықтыру үшін бағдарлама операторы «РОП» түрлі шара қарастырып отыр. Жаңа жылдан бастап ескі көлікке 315 мың теңгеге сертификат бермек. Бұл жаңа көлік алуға берілетін жеңілдік.

Рустам Темірбеков, «Оператор РОП» ЖШС басқарушы директоры:

Біз 2017 жылдың алғашқы тоқсанында сертификаттау бағдарламасы іске қосалады деп үміттенеміз. Сертификаттың құны шамамен 315 мың теңге. Осы сертификатпен отандық көлік өндірушілерге барып, жаңа көлікке жеңілдік аласыз. Егер бізге екі сертификаттың құнын қосуға болады деген бастаманы бектіп берсе, онда бір адам жаңа көлікке 600 мың теңгедей жеңілдік алады.

Бірақ бұл әлі заңмен бекітілмеген бастамалар. Ал қазір бекітілген сома 315 мың теңгеден әлдеқайда төмендеу. Мысалы, толық емес құрамдағы көлікке 48 мың теңге. Ал толық құрамдағы темір тұлпарға 150 мың теңге өтемақы төленеді. Бұл есептер қайдан, қалай шықты десек.

Рустам Темрбеков, «Оператор РОП» ЖШС басқарушы директоры:

Біз мынаған сүйендік. Қазір көліктерін металл жинаушыларға тапсыратындар келісіне 25 теңге алады. Бір көліктің салмағы 1200 келіге дейін. Сосын көлігін темір қабылдайтын жерге жеткізуі бар. Есептегенде сол металлдың нарықтағы бағасы шығады.

Толық емес құрамдағы көліктің шанағы, есіктері, қозғалтқышы, радиаторы және беріліс қорабы болуы шарт. Құр темір қаңқаға ақша төленбейді. Айта кетерлігі, биылғы жылдың қаңтарынан бастап көліктерге утилдеу жиыны енгізілгені белгілі. Ол сомалар автокөліктің мөлшеріне қарай миллиондап саналады. Ал төленетін утилдеу өтемақысы неге аз деген сұраққа, министрлік өкілі артық ешкім төлемейтінін айтты.

Гүлшира Әтемова, ҚР Энергетика министрлігі қалдықтарды басқару департаментінің басқарма басшысы:

Белгіленген сома айтып отырмыз ғой, -150 мың ба? -150 мың теңге қайтарып аласыз. -Сонда 150 мың теңгеден артық бермейді ғой? -Артық ешкім бермейді.

Жарамсыз темір тұлпарларды тапсыруға міндеттейтін заң жоқ. Сондықтан халықты тапсыр деп мәжбүрлей алмаймыз, дейді оператор. Дегенмен ескі көліктерді 21 қарашадан бастап қыбалдайды. 10 мың көлікті алуға квота бөлінген жыл соңына дейін. Қазір оператор жиналған көлік қалдықтарын өңдейтін зауыт тұрғызу үшін келіссөздер жүргізіп жатыр. Еуропалық инвесторлар қызығушылық білдіріп отырса керек. Әзірге тендер жарияланған жоқ.

Айгүл ӘДЕПБАЙ