Бүгін Израильдегі қазақстандықтарды елге алып қайтатын ұшақ Тель-Авивке аттанды. Ол елде 500-ден астам отандасымыз бар. Оның 112-сі ресми есепте тұр. Ал 400-ден астамы консулдық тіркеуге тұрмаған. Ондағы ахуалға байланысты 118 азамат Қазақстанға оралуға ниет білдірген.Тұрғындарды елге алып қайтатын рейс жергілікті уақытпен түнгі сағат 23.45 шамасында Алматыға қонады.