Русский Сайттың толық нұсқасы

Британдық әйел жаңа дәрінің арқасында алты айда ішектің қатерлі ісігінен айығып кетті

  • AstanaTV
  • 11 қазан 2023
  • 672

Дәрігерлер тестілеудің бастапқы сатысында тұрған достарлимаб препаратын қабылдаған 42 жастағы әйелден қатерлі ісік белгілерін таппады. Kazinform бұл туралы Еuronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бір жыл бұрын Кэрри Дауниге ішектің қатерлі ісігі диагнозы қойылды. Жаңа препаратты алты ай бойы қабылдаған әйелге дәрігерлер оған қуанышты хабар айтты.

Достарлимаб препараты жасушаларында генетикалық ауытқулары бар колоректальды қатерлі ісік түрін емдеуге арналған препарат, ол әлі тексерілу үстінде. Барлық науқастарда репарация генінде (MMR) ерекше мутация бар.

Суонси-Бэй университетінің мәліметінше, бұл гендік ақау колоректальды қатерлі ісік жағдайларының 3,5-5% -ында кездеседі.

Бастапқыда 42 жастағы әйелге ол отадан кейін өмір бойы стомамен қалу қаупі бар екенін айтты. Ол арқылы тамақ қалдықтары асқазанға киілетін арнайы қапшыққа жиналады.

Оңтүстік-Батыс Уэльстің онкологиялық орталығы Кэрриді дәрігер Крейг Баррингтонға жіберді. Ол науқасқа қатерлі ісіктен ешбір ауыр отаға бармай-ақ құтылуға болатынын айтты.

«Ол биопсия қорытындысын тексеріп, менде сирек кездесетін мутация бар екенін білді. Дәрігер сынақтар бұрын жүргізілгенін, мен барлық белгілерге сай болғандықтан қаржыландыруға сенімді екенін айтты. Ол менен жалғастырғым келе ме деп сұрады», - деді Кэрри.

Алты ай бойы Кэрриге препаратты аптасына үш рет көктамырға салды. Процедура шамамен 30 минутқа созылды.

«Мен шаршайтынмын, бөртпе пайда болды, бірақ бұл химиотерапия, сәулелік терапия немесе хирургиямен салыстырғанда ештеңе емес», - деді ол.

Емдеу кезінде ісік азайып, кезеңнің соңына қарай оның ізі де қалмады.

«Біз Ұлыбританияда бірінші және әлемде алғашқылардың бірі болып (Италиямен бірге) бұл емдеуді әдеттегі тәжірибе ретінде енгіздік», - делінген Баррингтон мәлімдемесінде.
"Бұл пациенті дәріні міндетті түрде қабылдауы керек деген сөз емес. Бұл, былайша айтқанда, біздің арсеналдағы қосымша құрал. Бірақ 100 пайыздық нәтиже көрсеткен зерттеу болған кезде, қарсылық білдіру қиын", - делінген мәлімдемеде.