Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда үш жасар сәби балабақшада сорпаға күйіп қалды

  • AstanaTV
  • 11 қазан 2023
  • 822

Оралдағы «Балбөбек» балабақшасында 3 жасар сәби ыстық сорпаға күйіп қалды,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. 

Қазір істің мән-жайын полицейлер анықтап жатыр. Бала сол бойда ауруханаға түскен. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Басы, кеуде тұсы, аяқ-қолы, жалпы денесінің 25 пайызын күйік шалған. Жазатайым оқиға бойынша іс қозғалды.

"Келген кезде жағдайы өте ауыр болды. Беті, алдыңғы кеуде қабырғасы, екі аяқ басы, екі саны, шатарал аймағы ІІ-ІІІ дәрежелі күйікпен келіп түсті. Қазіргі таңда науқастың жағдайы ауыр. Керек ем-жарақтары, шок жағдайдан шығу сатыларынан емін алып жатыр",-дейді облыстық көпбейінді балалар ауруханасы травматология бөлімінің басшысы Болат Әлібаев.