Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда 60 млн теңгеге жасалған жаңғыртуға тұрғындардың көңілі толмай отыр

Атырауда 60 млн теңгеге терможаңғырту жасалған үй тұрғындары шу шығарды. Айтуларынша, қомақты қаржыны қалтаға басқан мердігер компания міндетін толық орындамай табанын жалтыратқан. Күн жылынғанда жөндейміз деген уәдеге сеніп жүргенде кепіл уақыты бітуге таяды,- дейді жиналғандар.

80 пәтерлік бес қабатты үй 2021 жылы терможаңғыртудан өткен. Бірақ түк те жаңармады, бұрынғы күнімізге зар болдық- дейді ашулы тұрғындар. Суағар салмағандықтан шатырдан аққан су балкон арқылы үйге еніп, қабырға сыз тартқан. Подъезде электр сымдары салбырап, тіпті баспалдақтар үгітіліп, түсіп жатыр.

Юлия ВАШУРИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

2008 жылы шатырдан су кетіп, біз тұрғындар толық күрделі жөндеу жасап алған едік. Өте сапалы жасалған, қозғама дедік. Жаңғыртуға келген компания тыңдамай, біз өз қаржымызға салған сол жабындыны толықтай алып тастады.Содан жаңбыр жауып, үй суға кетті, үйіміз көгеріп, сыз тартты. Енді су кетсе, шатырды түгел ашу керек. Мен ай сайын 6700 теңге төлеуім керек. Төлемеймін. Тым жоғары бағаланған. Үйдің сыртын қырмастан бояу жаға салған.Әне асфальт 2 айға жетпей үгітіліп қалды.

Анар СИҒАЗИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Біздер не үшін 10 жыл бойы бәлен мың ақша төлейміз. Бізде модернизация дұрыс жасалмаса. Бұрын канализацияның иісі шықпайтны еді. Қазір канализация иісі шығады. 5-этажға исі келеді бізге.

2 жылға жетпестен тозып кеткен үй тұрғындары мердігер басшылығының уәдесі орындалмасын білген соң әкімдікті жағалаған. Олардың да шығарып салма жауабын тыңдап жүргенде кепіл уақыты бітуіне екі –ақ ай қалыпты. Жиынға мердігер компания өкілдерін де шақырған. Сөйтсе, олар тұрғындар түгілі әкімдік қызметкерлерінен де қашып жүр екен.

Руслан МУСАҒАЛИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МЕКЕМЕСІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біздің тараптарымыздан хаттар жолданды, үйдің ақауы шыққаны жөнінде. Ол мекеме ертең келу керек бізге. Бірталайдан бері телефон көтермей жүр. Осы уақытқа дейін жасамай жүр ғой. Қашып жүр.

Руслан Мусағалиевтың айтуынша, мердігер «ТезВодЭлетроМонтаж» компаниясы Атырау қаласында тағы бір үйге терможаңғырту жүргізген. Оған қатысты да тұрғындар шағымы көп екен. Егер апта аяғына дейін тиісті жауап бермесе, сотқа жолдайтынын айтты.