Русский Сайттың толық нұсқасы

Синоптиктер демалыс күндері Қазақстанда үсік жүреді деп болжап отыр

  • AstanaTV
  • 13 қазан 2023
  • 935

Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылғы 14-16 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz .

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, алдағы үш күнде солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта, сондай-ақ оңтүстік-шығыс Қазақстанның таулы аймақтарында қар аралас жаңбыр жауады.

"Республиканың батысы мен оңтүстігінде жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен күн райы жауын-шашынсыз болады деп болжанды", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Республиканың басым бөлігінде күндіз термометр көрсеткіші +10+20°-қа жетеді. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде кей жерлерде -1-3° үсік жүреді.

Синоптиктердің болжауынша, 16 қазанда Шығыс Қазақстан облысында қатты жауын-шашын болады.