Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда мас күйінде көлік айдаған мектеп директоры жұмыстан қуылды

  • AstanaTV
  • 16 қазан 2023
  • 610

Ол жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандырылған сотында мас күйінде көлік жүргізген ауыл мектебі директорына қатысты әкімшілік іс қаралды.

«Ер адам өзінің кінәсін жоққа шығарғанына қарамастан, оның жасаған әрекеті сот-медициналық сараптаманың қорытындысы және полиция қызметкерінің жетонындағы бейнежазбамен дәлелденді. Сот оған 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және жеті жылға жүргізуші куәлігінен айыру түріндегі жаза қолданды», - делінген хабарламада.

Іс материалдары бойынша, Павлодар ауданындағы мектептерінің біріндегі директоры масаң күйде рөлге отырғаны белгілі болды. Білім беру бөлімінің хабарлауынша, әдеп жөніндегі кеңес отырысының қорытындысында оған тәртіптік жаза қабылданды. Құқық бұузшыға қатаң сөгіс беріліп, атқарып жатқан қызметінен босатылды.