Русский Сайттың толық нұсқасы

Энергетикалық сусын көп ішкеннен адам өліп кетуі мүмкін бе? Қазақстандық дәрігер түсіндірді

  • AstanaTV
  • 16 қазан 2023
  • 789

Соңғы кезде энергетикалық сусынды шамадан тыс тұтынудың салдарынан бір өлімнен қалған адам саны көбейді. Мұндай сусынды көп мөлшерде ішу панкреонекрозға шалдықтуы мүмкін. Осы тұста Отбасы дәрігері Гүлмаржан Бекмұратқызы энергетикалық сусынның кенеттен өлімге әкелетін зияны туралы айтты,-деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Дәрігердің сөзінше, энергетикалық сусынның құрамындағы кофеиннің мөлшері қарапайым кофемен салыстырғанда бірнеше есе көп. Сондықтан энергетикалық сусын тәулік нормадан асып кететін болса, ол ағзаны қажытып жібереді.

"Дені сау адам тұрақты түрде күніне 3-4 дана энергетикалық сусын ішетін болса, ол адам ағзасына кері әсерін тигізіп, жүректің кенеттен тоқтауына алып келуі ммүкін. Дегенмен бұл бәріне бірдей әсер етпейді", - дейді отбасы дәрігері. 

Сонымен қатар, маман энергетикалық сусынның панкреонекрозға шалдықтыратынын айтып, оның соңы өліммен аяқталуы мүмкін екенін де еске салды.

"Панкреонекроз - ұйқы безі тіндерінің некроздануы, яғни өлуі. 80-90 пайыз жағдайда панкреонекроз пайда болуының себебі - ішімдікті шамадан тыс ішу. Панкреонекроз сатысына байланысты 70-80 пайыз жағдайда өліммен аяқталады. Бірақ, тек энергетикалық сусынның әсерінен 100 пайыз панкреонекроз пайда болады деп айту қиын. Әрине, егер науқаста бұрыннан ұйқы безімен мәселе болса, ұйқысы нашар, оған қоса адамның өмір сүру салты дұрыс болмаса, ас мәзірінің көп бөлігі ағзаға пайдасыз, құнарсыз тағамнан, яғни энергетикалық сусын, жеңіл көмірсудан тұратын болса, ол ұйқы безінің функциясына әсер етіп, соңы ауыр асқынуға әкелуі мүмкін", - деп түсіндірді Гүлмаржан Бекмұратқызы.