Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде электр энергиясының тарифі өсуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 16 қазан 2023
  • 615

Осы айдан бастап Қазақстанда электр энергиясын өндіру шығындары қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды Kazinform.

Бұйрықта жазылғандай, 1 қазаннан бастап мына ұйымдар өндіретін электр энергиясының бағасы қымбаттайды:

1-топ (Болат Нұржанов атындағы «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС) – кВтсағ. 5,90 теңгеден 7,32 теңгеге;

2-топ (Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ) – кВтсағ. 6,17 теңгеден 7,40 теңгеге;

3-топ («Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ) – кВтсағ. 8,59 теңгеден 11,20 теңгеге;

4-топ («Топар басты тарату энергия станциясы» ЖШС) – кВтсағ. 8,78 теңгеден 11,65 теңгеге қымбаттайды.

«Түзету энергия өндіруші ұйымдарға тәуелді емес электр энергиясын өндіруге кететін негізгі шығындардың ұлғаюына байланысты, атап айтқанда отын, жалақы және шикізат шығындарына байланысты. Орташа алғанда тауарлық газдың құны 39-топ үшін («З-Энергоорталық» АҚ) 17,4 пайыз, 42-топ үшін («Батыс Пауэр» ЖШС) 20,6 пайызды құрады», - деп түсіндірме берілген бұйрық-жобасына.

Жалпы, құжатқа электр энергиясын өндіретін 50 ұйым кірген. Олардың атауын, бағаның қаншаға қымбаттайтынын мына сілтеме арқылы өтіп, көруге болады.

Бұйрық 1 қарашадан бастап күшіне енеді және 1 қазаннан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.