Русский Сайттың толық нұсқасы

Биыл «Fly Arystan» жеке компания болып қайта құрылмақ

  • AstanaTV
  • 17 қазан 2023
  • 671

«FlyArystan» биыл «Air Astana» компаниясынан бөлініп шығады. Бұл жайында Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттарының сауалына жауабында айтылған.

«Бүгінгі таңда «FlyArystan» құрылымдық бөлімшесін жеке заңды тұлғаға бөлудің кезеңдік жоспары әзірленді. «FlyArystan» АҚ Жарғысы бекітілді. Сондай-ақ қайта тіркеу рәсімдері жүзеге асырылады. Компанияның ұйымдық құрылымын қалыптастыру, әуе кемелерін беру және «FlyArystan» АҚ қызметінің басқа да бағыттары бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оның ішінде кірістер мен шығыстарды бөлек есепке алуды енгізу көзделген», - деді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, «FlyArystan» АҚ пайдаланушының жеке сертификатын алуға құжаттарды беруді осы жылдың 4 тоқсанына жоспарлап отыр.

«Бұл іс-шаралар бәсекелестік ортаның дамуына, нарық субъектілері арасындағы бәсекелестік жолымен авиабилеттер құнының төмендеуіне оң әсер етеді. Жалпы, авиатасымалдау мәселелері тұрақты бақылауда», - деді Премьер-Министр.