Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,46 теңгеге қымбаттап, 477,12 теңге болды.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да 65,22 теңгеге (+0,09) дейін көтерілді.
Еуро бағамын Ұлттық банк 501,85 теңге, рубльді 4,9 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 476,7-478,9 теңге, еуро 503,5-506,5 теңге, ресей рублі 4,77-4,91 теңге аралығында саудаланып жатыр.
17 қазандағы саудада әлемдік мұнай бағасы төмендеді.
Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстерінің құны барреліне 89,63 болды, бұл алдыңғы сессияның жабылуындағы көрсеткіштен 0,02%-ға төмен.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада қараша айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстері 0,18%-ға арзандап, барреліне 86,5 доллар болды.