Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері талқыланды

Енді азаматтар бір құжат алу үшін бірнеше мемлекеттік органның табалдырығын тоздырмайды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде ақпараттық базаларды топтастырып, қажетті құжаттарды қолжетімді етуге қатысты ұсыныстар қаралуда. Жалпы, мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту бойынша жүргізілген талдау мен мониторинг аясында 373 ұсыныс әзірленді. Биыл мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру бойынша біршама жұмыстар атқарылған. Нәтижесінде 33 түзету енгізіліп, «электронды үкімет» порталында 17 мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі қамтамасыз етілді.

Салауат МҮКСІМОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бюрократиядан арылту дегеніміз - ең алдымен негізсіз кедергілерді, негізсіз мерзімдерді, қажетсіз құжаттарды соның барлығын топтастырып, оңтайландырып, мемлекеттік аппараттың қызметін тиімді тұстарын іздеп, мемлекет пен азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін арттыру.