Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде алкоголь мен темекі бағасы өседі

  • AstanaTV
  • 18 қазан 2023
  • 799

Қазақстанда алкоголь мен темекі бағасы өседі. Бұл акциздің өсуіне байланысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мәжіліс депутаттары сыра өнімдерін литріне 79 теңгеден 90 теңгеге дейін арттыру жөнінде түзетулер қабылдады. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтан алкоголь бағасының көтерілуіне қатысты түсініктеме берді.

"Менің ойымша, аса қатты қымбаттамайды, бұл қазақстандық өндіріс. Алкогольдің кейбір түрлерінің акцизі төмен. Бірақ қазір жағдай өзгерді. Акциз АЕК-ке байланысты жыл сайын өсуде. Оларды номиналды түрде бір жерде бекіту мүмкін емес. Бірақ темекі, алкогольдің кейбір түрлеріне, қымбат алкогольге акциздер өсті", – деді Қуантыров.

Ол, сондай-ақ, қымбат алкогольдің бағасы сән-салтанат салығы аясында өсетінін атап өтті.

"Импортталатын қымбат алкогольге қосымша сән-салтанат салығы салынады, салық бірнеше есе артады", – деп түйіндеді министр.