Русский Сайттың толық нұсқасы

Алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады?

  • AstanaTV
  • 19 қазан 2023
  • 933

Синоптиктер 19-21 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

19 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

19 қазаннан кейін солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттарға байланысты респубиканың бірқатар өңірінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі күтіледі.

Синоптиктер тек еліміздің оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарында әлі де күн ашық болады деп болжады. Республиканың басым бөлігінде түнде ауа температурасы +2...+10 градус аралығында болады.

Мамандардың болжамынша, еліміздің солтүстік жартысында күндізгі уақытта ауа температурасы +10...+15 градустан +5...+10 градусқа дейін төмендейді.