Русский Сайттың толық нұсқасы

"Мансабымдағы ең қиын кезең": Жарақат алып қалған Неймарға ота жасалмақ

  • AstanaTV
  • 19 қазан 2023
  • 825

Әйгілі бразилиялық шабуылшы Неймар Уругвай құрамасымен өткен ойында жарақат алғанын растап, алдағы уақытта ота жасалатынын мәлімдеді. Футболшы қазір мансабындағы аса ауыр кезең екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Неймар Instagram желісінде жазба жариялап, жарақатына қатысты пікір білдірді. Шабуылшы өткен жарақатынан енді айыққан кезде қайтадан жарақат алу қиынға соққанын жасырмады.

"Бұл мансабымдағы ең ауыр кезең болды. Мықты екенімді білемін. Бірақ бұл жолы жақындарымның көмегі бұрынғыдан да қажет. Жарақат алып, отаны еңсеру оңай емес. Толығымен айыққаннан кейін араға төрт ай ғана салып, қайтадан осының бәрінен өту қиын. Мен жазылып, бұданда мықты болып оралатыныма сенемін. Жаратушыға тапсырдым. Қолдау білдіріп жатқан жандарға алғысым шексіз", - деді футболшы.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеуде Бразилия соңғы 22 жылда алғаш рет Уругвай құрамасына жеңіліп қалды. Бразилиялықтар екінші таймды басты жұлдызы Неймарсыз өткізді. Ол бірінші таймның соңында ауыр жарақат алып, алаңнан кетуге мәжбүр болды. 31 жастағы бразилиялықты Ришарлисон ауыстырды.