Русский Сайттың толық нұсқасы

Боранбаев мұнай кен орнын, зауыт пен газ компаниясын мемлекетке қайтарды

  • AstanaTV
  • 19 қазан 2023
  • 713

Қаржы мониторингі агенттігі Қайрат Боранбаевтың тергеумен ерікті ынтымақтастығы аясында оның мүлкін мемлекет кірісіне қайтару шараларын қабылдауда, деп хабарлайды Аzattyq Ruhy.

«Қаражанбас Северный» кен орны мемлекет меншігіне өтті, оның өндірістік параметрлері – құны 35,4 млрд теңге болатын 2,6 млн тонна мұнай және 13,2 млн текше метр газ бар 143 ұңғыма. Боранбаев сондай-ақ тауарлық газды тасымалдаумен және сатумен айналысатын «Азия Газ Чунджа» газ таратушы компаниясын мемлекет меншігіне берді. Компанияның нарықтық құны 14 млрд теңгеге жуық», - делінген агенттік хабарламасында.

Сонымен қатар құны 9 млрд теңге болатын «Сервисный Центр КазТурбоРемонт» ЖШС мұнай-газ жабдықтарын өндіру және жөндеу зауыты мемлекет меншігіне өтеді.

«Кәсіпорын жұмысшыларының саны 740 адамды құрайды. Бұл нысандардың барлығы мемлекеттің пайдасына өтеді», - делінген хабарламада.

Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық жолмен, оның ішінде шетелден алынған активтерді іздеу және қайтару бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.