Астанада кәмелетке толмаған екі жасөспірім көлік ұрлаған. Қолды болған машинаның құны 3 миллион теңгеден асады. Темір тұлпарының орнында жоқ екенін көрген иесі полицейлерге шағымданған. Патрульдік полиция бригадасы 7-сынып оқушыларын Мұқан Төлебаев пен Бауыржан Момышұлы көшелерінің қиылысында ұстады. Күдіктілер құзырлылардың талабын елемей, керісінше жылдамдықты арттырып, қашпақ болған. Кейін олардың бұған дейін 4 ұрлық оқиғасына қатысқаны анықталды.
Гүлмира ШРАХМЕТОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Тергеу барысында жасөспірімдердің сыныптас екені және қалалық мектептің 7-сыныбында оқитыны анықталды. Қазіргі уақытта ұрлық фактісімен ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмағандар кінәсін толық мойындады.