Соңғы уақытта жұрт өзгеден гөрі өз елімізде саяхаттауды жөн көре бастаған. Жарты жылда ішкі туристер саны 3 млн-нан асты. Ал, Қазақстанның кереметін тамашалауға 516 мың шетелдік турист келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Саяхатшылар санының өсуінің арқасында қонақүйлер 100 млрд теңге пайда тауыпты. Мамандар жыл аяғына туризмнен ел қазынасына 400 млрд салық түседі деп отыр.
Ержан ЕРКІНБАЕВ, ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
Биыл туризмді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасы қабылданды. Мақсатты көрсеткіштер бекітілді. 2029 жылға дейін ішкі туристер санын 9 млн-ға, шетелдік туристерді 4 млн-ға жеткізу көзделген. Туризм саласындағы мамандарды 1,6 есеге, ал инвестиция көлемін 2 есеге өсіруді қамтамасыз ету керек.