Русский Сайттың толық нұсқасы

"Әскери инфрақұрылымды дамыту қажет",-министр

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Алматыға жұмыс сапарымен барды. Онда бірқатар әскери бөлімдерді аралады, қарау-жарақ қоймаларында болды. Сондай-ақ әскери техниканы жарамды күйде ұстаудың маңыздылығын айтты. Оларды техникалық сүйемелдеу және жөндеу мәселелерін нақтылады. Жауаптыларға әскери инфрақұрылымды дамыту үшін жұмыстардың орындалу мерзімі мен сапасына қатысты нақты тапсырмалар берді.