Русский Сайттың толық нұсқасы

«Мені Балалар үйіне өткізгенің үшін ұяттан өртеніп жүрген шығарсың»: Анасына сағынышын жеткізген қыз жұртты жылатты

  • AstanaTV
  • 21 қазан 2023
  • 2606

6 жасында шетелдіктер асырап алған Динара есімді қазақ қызы «Шетелдегі қазақ балалары» жобасында туған анасына деген сағынышын жеткізді, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол анасына қайда жүрсе де, тек амандық тілейтінін әрі жақсы көретінін айтқан.

«Сәлем мама, мен сені қайда болсаң да жақсы көремін. Бәлкім осы өмірде, бәлкім жұмақта боларсың... Өміріңде қандай жағдай болмасын, сен менің жүрегімдесің. Менің бір бөлігімсің, білесің бе менің мына ішімдесің мама... Мені Балалар үйіне өткізіп кеткенің үшін ұяттан өртеніп жүрген шығарсың... Ештеңеден ұялма, менің жақсы өмір сүргенімді тіледің ғой, мені баға алмай, қиналған шығарсың. Мен сенің қайда жүрсең де амандығыңді тілеймін», - дейді ол.

Өкінішке қарай, Динараны асырап алған отбасы ажырасып кетіп, жалғыз қалыпты.

Оның ауыр тағдыры туралы өз аузынан естіген жұрт көз жасына ерік беріп, қолдау көрсетті.