Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ұлы дала елі - тәуелсіздіктің 25 негізі» акциясы аясында мемлекеттік рәміздер жайлы естеліктер айтылды

  • AstanaTV
  • 22 қараша 2016
  • 3144

«Ұлы дала елі - тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күн акциясы аясында мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиналған қауым Отанымыздың негізгі құндылықтары ту, елтаңба мен әнұранның тарихына үңіліп, естеліктерімен бөлісті. 

Мемлекеттік тудың авторы Жандарбек Мәлібеков ұлттық рәміздерді жасауда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке қадағалау жасап, көңіл бөлгенін айрықша атады. Соның арқасында мемлекетіміздің төл құжаты саналатын "рәміздер" үздіктер қатарына қосылған дейді ол. Бүгінгі күнге дейін оның маңызын арттырып, қадір-қасиетін ұғыну мақсатында толағай жұмыстар атқарылып келе жатқанын мақтанышпен айтты.

Жандарбек Мәлібеков, ҚР Мемлекеттік туының авторы:

25 жылдың ішінде біздің шаңырағымыз биік болды, демек мәртебеміз биік болды. Біздің керегеміз кең болды, біз әлемге танымал болдық. Біздің туымыз да, елтаңбамыз да, әнұранымыз да 25 жылға толады, осы салада үлкен жұмыстар жасалып келе жатыр деп ойлаймын.