Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістанда 5 жасар бүлдіршінді балабақша көлігі қағып кетті

  • AstanaTV
  • 23 қазан 2023
  • 973

Түркістанда балабақша жүргізушісі бес жасар баланы көлігімен қағып кетті. Облыстық полицияның баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.

Қайғылы жағдай 2023 жылғы 20 қазанда кешкі уақытта болған. Полицияның мәліметінше, кешкі уақытта жекеменшік бала бақшаның тәрбиеленушілерін тасымалдайтын Hyundai Starex маркалы көлігінің жүргізушісі бүлдіршінді үйінің алдындағы жолдың бойына әкеліп түсірген. Бүлдіршін көліктің алдынан жүгіріп өткенде, жүргізуші оны қағып кеткен.

"Бала ауруханаға жеткізілгенімен, жан сақтау бөлімінде көз жұмды. Полиция ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғады".
Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ведомство өкілдері жүргізуші қамауға алынғанын атап өтті. Ал автокөлік айыптұраққа қойылған.