Русский Сайттың толық нұсқасы

23 қазан – қар барысы күні: Ерекше аң туралы не білеміз

  • AstanaTV
  • 23 қазан 2023
  • 1533

Қар барысы Халықаралық табиғатты қорғау одағының (ХТҚО) Қызыл тізіміне енгізілген және тіршілік ететін барлық 12 елде, соның ішінде Қазақстанда да сирек кездесетін немесе жойылып бара жатқан түр мәртебесіне ие.

23 қазан – Халықаралық қар барысы күні. Осы күнге орай "Алтын-Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қар барысы туралы қызық деректер бөлісті.

"Қар барысы – мысық тұқымдастардың ерекше өкілі. Дене тұрқы 125 – 135 см, биіктігі 60 см (шоқтығынан алғанда), құйрығы 90 – 100 см, салмағы – 30-40 келідей. Түсі көк сұр, теңбіл шұбар, сақина тәрізді дөңгелек қара дақтары бар, жүні ұзын әрі қалың. Олар кербез және биік тауларда мекендейді", - деп хабарлады табиғи парк Instagram-дағы парақшасында.

Қар барысы туралы қызық мәліметтер:

Барыс – мысық тұқымдасына жататын жыртқыш аң.

Қар барыстары 6 метрге дейінгі ұзындыққа және 3 метр биікке секіре алады.

Қар барысы табылған ең биік жер теңіз деңгейінен шамамен 6 шақырым биік орналасқан.

Қар барысы жойылып кетудің алдында тұрған аң ретінде "Қызыл кітапқа" енген.

Қар барысының тағы бір атауы – ілбіс. Ол түркі тілінен аударғанда "қар мысығы" деген мағынаны береді.

Қар барыстары қазірдің өзінде аз зерттелген. Себебі олардың мекендейтін ортасына жету қиын болғандықтан кез келген зерттеуді қиындатады.

Қар барыстарының табаны – қысқа әрі бұлшықетті, ал құйрығы – ерекше ұзын. Ол қатты жүгірген немесе секірген кезде құйрығын "тізгін" ретінде пайдаланады.

Ілбістердің ұзыдығы 2 метрге дейін жетеді (құйрығымен қоса есептегенде).

Таутандар (ұрғашы қар барысы ) жылына екі рет төлдейді.

Қар барыстары адамдарға бірінші болып шабуылдамайды.

Қар барысы жүнінің түсінің арқасында қар басқан тауларда көзге түсе бермейді.

Қар барыстарының қаншалықты ұзақ өмір сүретіні нақты белгісіз. Қазіргі зерттеулер олардың 20-25 жыл өмір сүретінін айтады.

Қар барыстары – көшпелілер. Олар мыңдаған шаршы шақырым аумақты үнемі кезіп жүре алады.

Қар барысы сырт көзге қабыланға ұқсайды. Алайда оның жүні сары емес, ақ түсті.

Қар барыстары көмейінің ерекшелігіне байланысты ырылдап, мияулап, ұли алмайды.

Қар барыстары жалғыз өмір сүреді. Олар тіршілік ететін аумағын қызғыштай қорғап, ешкімді кіргізбейді.

Он екі мемлекеттік аумағында қар барыстарының популяциясы қорғау мәртебесіне ие.

Аландар (қар барысының баласы ) балалар сияқты биік төбешіктерден сырғанағанды жақсы көреді.

Қар барысы – ғаламшардағы биік тауларда өмір сүретін аңдардың бірі.

Барыстар түнде тіршілік етеді. Алайда қажет болған жағдайда күндіз де белсенділігін сақтай алады.

Әдетте барыстар үңгірлерде немесе құздардың жарылған жерлерінде өзіне апан жасайды. Сол жерде олар күндіз ұйықтайды.

Қар барыстарының көзі өте жақсы көреді.

Қар барыстарының табаны үлкен болады. Барыстар қалың қармен жүре алады.