Русский Сайттың толық нұсқасы

Көкшетау қаласында артық салмақтан арылу операциясы жасалады

  • AstanaTV
  • 23 қазан 2023
  • 952

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне жүгінсек, қазіргі таңда әлемдегі толық адамдардың саны 2 миллиард, оның 20 пайызы осы аурудың ең асқынған сатысы – семіздікке ұшыраған. Бүгінде медициналық технологиялар дамыған кезеңде, артық салмақпен күрестің түр-түрі ұсынылған. Соның бірі- бариатриялық операция.

Көпбейінді облыстық ауруханада бұл тәсіл арқылы операция тегін жасалады. Емдеу орны 800-ден астам адамға арналған. Хирургиялық бағытта 9 бөлімше жұмыс істейді. 1 мың 500 қызметкер. еңбек етеді. Нұрдан Жаровтың айтуынша, Қазақстан халқының жартысынан көбі артық салмақ пен семіздіктен жапа шегіп отыр.

Нұрлан ЖАРОВ, КӨПБЕЙІНДІ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНА ДИРЕКТОРЫ:
Тек қана отандық статистика ғана емес, жалпы халықаралық статистикаға жүгінсек науқастардың саны жыл сайын көбейіп жатыр. Сезіміздіктің кері әсері де бар. Мысалғы: қант диабетінің 2-ші түрі пайда болады. Жүрек ауруы, артерриялдық гипертензия, буын аурулары.
Бұл проблема кей кезде психологиялық, дәрілік және диетологиялық емдеумен шешілмейді. Өкінішке қарай, дәрігерлердің өзі семіздіктің ушыққан түріне фитнес те көмектеспейтінін айтады.

Нұргүл ТІЛЕУҚАБЫЛОВА, ХИРУРГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕДБИКЕСІ:
Мен қант диабетіне шалдықтым. Салмағым өте ауыр болды. Кейін мен бұл проблеманы шешу үшін өзімнің әріптестеріме жүгіндім. Олар маған бариатириялық отаны ұсынды, мен бірден келістім.
Асқазанды кішірейту операциясы кіші инвазиялық хирургия тәсілімен жасалады. Мұндай тәсілден кейін асқыну болмайды, науқастың оңалу үдерісі тез жүреді және пациенттің денесінде тіліктің белгісі болмайды, – дейді дәрігер.