Көп қыздарға бақытты болуды үйретіп жүрген блогер Гүлзада Тұрлаш “Менің өмірім” бағдарламасында енесімен арақатынасы туралы баяндады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Ата-енеме үйреніп кеттім. Осы сәтті пайдалана отырып сол кісілерге алғыс айтқым келеді. Мені бірінші күннен бастап қызындай көреді. Әлі күнге дейін маған ешқандай жұмыс істетіп көрмеген. Қонақ шақырса да, аспаз жалдайды. Өзіміздің үйде де тамақ жасайтын, үй жинайтын қызметшілер бар. Мен оған уақытымды жоғалтпаймын. Үйге аспаз алайық деп өздері ұсыныс тастады”, – дейді Гүлзада Тұрлаш.
Блогердің енесі өзін сұхбатқа дайындап жіберген.
“Мен Астанадан ұшып келген бетім осы. Ұшақ уақытында ұшпай кешікті. Бағдарламаға келмей тұрып үйге барып өзімді ретке келтіруім керек болды. Үйге барсам, енем дастархан жасап қойып мені күтіп отыр екен. Менімен бірге тамақтанамын деп ойлапты. Енем екеуіміз отырып шай іштік, тамақтанып алдық. Шығып бара жатып маған қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдірдім. “Сұхбатқа дайындалдың ба? Экранға шыған уақытын біл, мен көремін” деп өзі дайындап жіберді. Енем – өте керемет жан. Екеуіміз күнде сырласамыз”, – дейді блогер.
Гүлзада Тұрлаш алдағы уақытта сәбилі болуды жоспарлап жүргенін жасырмады.