Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-тың МЭН штатында атыс болып, 16 адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 26 қазан 2023
  • 563

АҚШ-тың Мэн штатындағы Льюистон қаласында белгісіз біреу адамдарға оқ жаудырды. Кем дегенде 16 адамның қаза тапқаны хабарланды.  Астана телеарнасы  бұл туралы ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, қаскөй әлі ұсталған жоқ.

Штаттың екінші үлкен қаласының тұрғындарына қауіпсіз жерлерді паналауға кеңес берілді.

Полиция күдіктінің суретін жариялады. Ақпаратқа сәйкес, оқиға «әртүрлі жерлерде» болған.

Сондай-ақ, кем дегенде 50 адамның жарақат алғаны хабарланды, бірақ бұл ақпарат әлі расталған жоқ.

Мэн штатының орталық медициналық орталығының хабарлауынша, жергілікті билік «көптеген адам қаза тапқан үлкен атыс оқиғасына» байланысты жақын маңдағы басқа медициналық мекемелермен күш-жігерді үйлестіріп отыр.

«Льюистонда мерген жүр. Тұрғындардан жасырынуын сұраймыз. Өтініш, үйлеріңізде болыңыздар, есіктеріңізді құлыптап алыңыздар» делінген штат полициясының Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Сондай-ақ полицейлер күдікті қылмыскерді анықтауға көмек сұрады.

Ақ үй президент Джо Байденге оқиға туралы ақпарат берілгенін хабарлады.