Русский Сайттың толық нұсқасы

Абай облысында жеке үйден өрт шығып, 4 бала қаза тапты

  • AstanaTV
  • 26 қазан 2023
  • 962

Абай облысы Аягөз қаласында жеке үйден шыққан өрт салдарынан 4 бала қаза тапты, деп хабарлайды Астана телеарнасы  Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Бұл туралы Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«2023 жылғы 25 қазанда сағат 10:49-да ТЖБ күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының пультіне Аягөз қаласының жеке үйлерінің бірінде түтін шыққандығы туралы сигнал келіп түсті. 6 адамнан тұратын құтқарушылар бригадасы дереу сол жерге кетті», - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін бөлмелердің бірінде 20 шаршы метрде жиһаздар мен жеке заттары жанғаны анықталды.

Өрт сағат 11:10-да оқшауланып, 11.24-ге толық сөндірілді. Өрттің себебі анықталып жатыр. Өрт сағат 11:10-да оқшауланып, 11.24-ге толық сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда.

«Оқиға орнында төрт баланың денесі табылды. Өлімнің себебі анықталуда. Тиісті сараптама тағайындалып, полиция тергеу жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта отбасы мүшелеріне барлық қажетті көмек көрсетілуде», - делінген хабарламада.

Жағдай ЖАО бақылауында.

Аbainewskz Телеграм-арнасының жазуынша, 8 жасар егіздер мен олардың 3 және 2 жастағы інілері көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болған. Балалардың әкесі жедел жәрдем жүргізушісі болып жұмыс істейтіні және оқиға кезінде жұмыста болғаны, ал анасы базардан азық-түлік сатып алуға шыққаны хабарланды.