Русский Сайттың толық нұсқасы

Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай?

  • AstanaTV
  • 26 қазан 2023
  • 803

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 26 қазанға арналған бағамын белгіледі.

Атап айтқанда, 1 доллардың құны – 475,86 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,08 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 475– 480 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар 476,5– 479,3 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,93 – 5,11 аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 24 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,56 теңгеге төмендеп, 475,87 теңге болған.