Русский Сайттың толық нұсқасы

"Елден ұялдық": "Меломан" тобының әншісі ажырасып кеткенін бір жылдан кейін айтты

  • AstanaTV
  • 27 қазан 2023
  • 1557

Қазақ эстрадасында өзіндік қолтаңбасы бар, көрерменнің ерекше ықыласына бөленіп жүрген “Меломан” тобының әншісі Ғабит Бибасыұлы ажырасқанын мәлімдеді. Бұл туралы әншінің экс-жұбайы Нұрила Ақберен Instagram парақшасында жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ерлі-зайыптылардың ажырасуына себеп болған тұрмыстағы кикілжің көрінеді.

"Біріңіз білсеңіз, біріңіз білмессіз. Дегенмен сіздерге бөлісетін маңызды әңгімем бар. Мен ажырасқандар санын біреуге көбейттім. Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдің санын біреуге азайттым. Иә, мойындаймын. Мен сіздер сияқты әлсіз әйелмін. Әлеуметтік желіге жақсы сәттерді ғана бөлістім. Ол сәттер шынайы болды. Дегенмен оның артында не болғанын, не сезініп жатқанымды бөлісе алмадым. Ұялдым. Күмәндандым. Тым мінсіз болуға тырыстым. Отбасы бақытын әйел сақтайды деп ойладым. Барлық әйелдер секілді "бәрі ретіне келеді", "есі кіреді", "уәдесін орындайды", "бәрі жақсы болады" деумен келдім", – деп жазды әншінің экс-жұбайы.

Бір жылдан бері жасырып келу себебін де түсіндіріп, қазіргі жағдайын айтты.

“Осы күнге дейін "ел не дейді?" деген оймен жүрдім. Алайда қоғамдағы түсініктерден арыла бастадым. Өзіңді саналы түрде жақсы көруді ұғындым. Жаның, психикаң, санаң, тәнің зардап шегетін өмірді емес, сау әрі бақытты болатын ғұмырды таңдадым. Мен өзімді таңдадым. Сондай-ақ оны кінәламаймын. Мен оның көзқарасын өзгерте алмаймын. Ол жақсы күйеу бола алмады. Бірақ жақсы әке. Мен бұл тәжірибеге алғыс айтамын", – деп жазды ол.