Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қайрат» Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады

  • AstanaTV
  • 27 қазан 2023
  • 889

Ханчжоуда 2023 жылғы Азия пара ойындарында ерлер арасында жеке жол веложарысында қазақстандық спортшы, Мәжіліс депутаты Антон Лаврентьев қола жүлде иеленді. Оңтүстік Кореядан келген Ким Чжун Бин жеңімпаз атанса, күмісті индонезиялық Нурфенди алды.

Естеріңізге сала кетейік, кеше жеке жарыс өтті. Ол кезде де отандасымыз Сейтжан үшінші орын алған еді.

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНАН ЕКІНШІ ЖҮЛДЕСІН АЛДЫ

Конференциялар Лигасының топтық кезеңінің үшінші матчында «Астана» Косоволық «Балканимен» ойнады. Алаң иелері фаворит болып саналды, бірақ екі жеңілістен кейін қонақтарға тек жеңіс қажет болды.

Командалар жылдам гол соқты. «Астана» сапынан Камо Оганесян гол соқты, бірақ бір минуттан кейін алаң иелері Эдвин Куча голымен жауап берді. Содан кейін «Астана» ойыншысы Абзал Бейсебеков бұрыштамадан көтерген допты басымен қақпаға дәл соқты. Қонақтар үзіліске дейін есепті еселеуге бірнеше мүмкіндігі болды. Бірақ таразы басын теңестіре алмады. Ойынның екінші бөлігінде астаналықтар негізінен қорғаныста ойнады. Косоволықтар Иосип Чоричтің қақпасында бірқатар қауіпті сәттерді ұйымдастырғанымен таблодағы көрсеткіш өзгермеді. Есеп - 2:1. «Астананың» екі жеңілістен кейінгі топтағы алғашқы жеңісі. Қарашаның 9-ы командалар Астанада кездеседі.

«АСТАНА» «БАЛКАНИДІ» ЖЕҢДІ

Түріктің «Бешикташы» конференциялар Лигасының топтық кезеңінің үшінші турындағы матчта норвегиялық «Будё-Глимттен» жеңіліп қалды. Матч норвегиялықтардың жеңісімен аяқталды. Есеп 3-1. Алаң иелерінің сапында Альберт Гренбэк, Фарис Мумбанья және Ульрик Салтнес гол салды. «Бешикташ» 91 минутта престиж голын соқты, ал иелерінің ойыншысы өз қақпасына гол соқты. «Бешикташта» қазақстандық жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов қосалқы құрамда отырды. Үш турдан кейін «Будё-Глимт» активінде 4 ұпай, ал «Бешикташтың» әзірге 1 ғана ұпайы бар.

«БЕШИКТАШ» ЗАЙНУТДИНОВСЫЗ ҰТЫЛЫП ҚАЛДЫ

Футзалдан Алматылық «Қайрат» Люксембургтен келген «Дифферданж» клубымен Чемпиондар лигасының негізгі раундында алғашқы ойынын бастады. Қазақстандық клуб сапынан Алиссон Невес дубль жасады. Сонымен қатар Дәурен Тұрсағұлов пен қақпашы Деннис бір бір голдан соқты. Ал қарсыластардан Рубен Лемуш пен Рохас Домингес мергендігімен көзге түсті. Есеп 4:2. Қазақстандық клуб жеңімпаз.

«Қайрат» пен «Дифферданж Дан» топта испандық «Пальма» және венгрлік «Халадаш» өнер көрсетеді. Элиталық раундтқа топтың үздік үш командасы өтеді.

«ҚАЙРАТ» ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫН ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ

Қазақстан құрамасы Рас-Эль-Хаймда өткен кіші футболдан 2023 жылғы әлем чемпионатында алғашқы матчты сәтті бастады. Топтық кезеңнің бірінші турындағы матчта қазақстандықтар Гана командасымен ойнап, 7:0 есебімен жеңіске жетті. Нұрсұлтан Жүсіпов пен Илья Мунның дубль жасады. Александр Кислицын, Виталий Григорьев және Оралбек Егізбаев бір голдан соқты.

Қазақстан құрамасы Біріккен Араб Әмірліктері, Үндістан және Гана командаларымен бірге А тобына кірді. 2023 жылғы Әлем кубогы 26 қазан мен 4 қараша аралығында өтеді. 1/8 финалға сегіз топтың әрқайсысынан екі үздік құрама шығады.

Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы матчын өткізді

Қазақстандық боксшы Дәулет Төлемісов Астанада өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы бокстан Азия-2023 чемпионатында мерзімінен бұрын жеңіске жетті. 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ¼-те Төлемісов рингте Тайбэй өкілі Юй-И-Шэнмен кездесті және оны бірінші раундта нокаутқа жіберді.

Осылайша Дәулет Төлемісов жартылай финалға шығып, өзіне континентальдық біріншіліктің қола медалін қамтамасыз етті. ал Юй-И-Шэн Азия жастар чемпионатында өнер көрсетуді аяқтады.

Төлемісов Азия чемпионатында жартылай финалға шықты.

Жаңа тегін X5 ойыны (Winline букмекерінен)

Winline қосымшасын жүктеп алыңыз

5 матчтың нәтижелерін таңдаңыз, сонда

5 миллион (теңге) сіздікі болуы мүмкін!

Винлайн қосымшасының х5 бөліміне кіріп, экранда көрсетілген ойындардың нәтижесін тапсаңыз жүлде сіздікі! Еш күмәніңіз болмасын, Winline төлейді.