Костенко шахтасындағы апат: Бас прокуратура қылмыстық іс қозғады.
"Өткен түнде Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтадағы өрт дерегі бойынша тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу бабы бойынша соталды тергеп-тексеру басталды (Қылмыстық Кодекстің 277-бабының 3-бөлігі). Арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды, оның құрамына құқық қорғау органдарының неғұрлым тәжірибелі қызметкерлері мен ТЖМ мамандары енгізілді", - делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.