Русский Сайттың толық нұсқасы

Республикалық ақпараттық топ өкілдері дәстүрлі дін мен теріс ағымды шатастырмауды түсіндірді

  • AstanaTV
  • 24 қараша 2016
  • 2856

Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері бес жүзге жуық азамат теріс ағымның ықпалынан арылған. Бұл дін саласында жауапты мамандар мен имамдардың халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуінің нәтижесі.

Батырбек Жалмұрзаев, ОҚО дін істері басқармасының басшысы:

500-ге жуық азамат, оның ішінде бірінші кезекте жастар, осы өзінің қандай да бір сыртқы ықпалдың әсерінен теріс пиғылды ағымдарға толығымен еріп кетпесе де, сол ағымдардың ұстанатын ұстанымын қаншалықты деңгейде өз бойында ұстап жүрсе, соларды оңалтып, кері қайтардық.

Ақпараттық топ Шымкенттегі білім саласы қызметкері мен студенттердің басын қосты. Оларға діни экстремизм мен терроризм, теріс пиғылды діни ағымдар туралы жан-жақты баян етті. Дін мәселелерін ғылыми зерттеу және талдау орталығының мәліметінде 16 мыңдай қазақстандық салафиттік бағытты ұстанса, соның 1,5 мындайы - Оңтүстік Қазақстан облысы азаматтары. Мамандар, "кезінде діни сауаттылықтың дұрыс бағытта берілмеуі бірінші себеп десе, екінші мәселе - жұмыссыздық", екенін айтты.

Мұхан Исахан, дін мәселелерін ғылыми зерттеу және талдау орталығы исламды зерттеу бөлімінің басшысы:

Салафиттік бағытқа тартушылар автобөлшектер сататын өздерінің желісі бар, ұялы телефон жөндейтін өздерінің орталықтары бар, одан басқа трикотаж өнімдерін, текстиль өнімдерін сататын өздерінің желілелі бар. Бұл негізі жұмыс беру емес, ол жерге жастар барып, сол жерге, сол желіге барып кіреді. Жұмыс деп ойлайды, бірақ ол жұмыс емес, тұзақ негізі.