Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-та 18 адамды атып өлтірген ер адамның денесі табылды

  • AstanaTV
  • 28 қазан 2023
  • 1475

АҚШ-тың Мэн штатындағы Льюистон қаласында 18 адамды өлтірді деген күдікке ілінген ер адам үш күн іздеуден кейін өлі табылды. Kazinform агенттігі бұл туралы ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Сәрсенбіге қараған түні болған атысқа күдікті адам табылды, ол қайтыс болған», - делінген Андроскоггин округінің шериф кеңсесінің баспасөз хабарламасында.

CBS News арнасының хабарлауынша, 40 жастағы Роберт Кардтың денесі қоқыс өңдеу орталығының жанынан табылған. АР-дің полициядағы дереккөздері оның өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін екенін айтты.

Олар, сонымен қатар, күдіктімен байланысты үйден суицид туралы жазылған жазба табылғанын айтты. Ол Кардтың ұлына арналды. Үйден күдіктінің ұялы телефоны да табылды.

Льюистон мэриясында өткен баспасөз мәслихатында Мэн штатының губернаторы Джанет Миллс ер адамның денесі Лисбонда, атыс орнынан алыс емес жерден табылғанын айтты.

«Бүгін мен Роберт Кардтың ешкімге қауіп төндірмейтінін біліп, жеңіл дем алдым», - деді ол.

Льюистон полициясының басшысы Дэвид Сент Пьер құқық қорғау органдарының жұмысы аяқталмағанын айтты.

Полицияның айтуынша, билік алдымен қаза болғандардың отбасымен сөйлескісі келетіндіктен, көптеген мәліметтер әзірге жасырын қалып отыр.

Бұған дейін АҚШ-тың Мэн штатындағы Льюистон қаласында белгісіз біреу адамдарға оқ жаудырғаны туралы хабарлаған болатынбыз.