Русский Сайттың толық нұсқасы

«АрселорМиттал Теміртау» компанияны мемлекет меншігіне беру туралы шешімнің қашан қабылданғанын жариялады

  • AstanaTV
  • 29 қазан 2023
  • 1333

«АрселорМиттал Теміртауды» Үкіметке беру туралы шешім өткен аптада қабылданды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлім етті.

АМТ баспасөз қызметі келіссөздер бірнеше ай бұрын басталғанын атап өтті.

«Бірнеше ай бұрын біз «АрселорМиттал Теміртауға» меншік құқығын Үкіметке беру туралы келіссөздерді бастадық, ал өткен аптада осы қайғылы апатқа дейін біз түбегейлі келісімге қол қойдық. Қазақстан үкіметі бұған дейін Президент пен Премьер-министр зауытқа барып, мәмілені мүмкіндігінше тезірек аяқтауға тырысатындарын жеткізді», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-на қарасты Костенко атындағы шахтасында жарылыс болып, 36 адам қаза тапты. 10 кенші әлі де іздестіріліп жатыр.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «АрселорМиттал Теміртаумен» инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. Президент Вадим Басинге АМТ-ны басқару міндетін жүктеді.

Мемлекет басшысы 29 қазанды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.