Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада қарттар мен балаларды азаптаған медуниверситет студенті сотталды

  • AstanaTV
  • 30 қазан 2023
  • 991

Астанада хоспистегі қарттар мен мүгедек балаларды қорлаған медициналық студентке үкім шықты, деп хабарлайды Kazinform.

«Жылқыбайұлы Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі 1 және 2-тармақтары бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және оған 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтесін. Жылқыбайұлына қатысты бұлтартпау шарасы өзгертілсін, дереу қамауға алынсын», — деді судья Бағлан Ыдырысов үкімді оқи отырып.

Азаматтық арыз ішінара қанағаттандырылды.

Атап айтқанда, сот Жылқыбайұлынан Д-ның пайдасына (жәбірленушінің өкілі) — 2 млн теңге, Қ-ның пайдасына (жәбірленушінің өкілі) — 2 млн теңге өндіріп алу жөнінде қаулы шығарды.

Еске сала кетсек, биыл шілдеде астаналық медицина университетінде оқитын студент пациенттер (қарттар) мен мүгедек балаларды қорлағанын хабарлаған едік.

Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлім еткен еді.