Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары, продюсер Мөлдір Мұқанова қол астында администратор болып жұмыс істейтін қызметкерінің ән салған видеосын Instagram парақшасына жүктеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Осыдан алты жыл бұрын белгілі продюсер орталық ашып, өнерлі мектеп оқушыларын сахнаға шығарған болатын.
“Таңғалып тұрған түріме мән бермеңіздер. Мына тұнып тұрған талантқа көңіл бөлейік. Осындай өнері бола тұра, орталықтың ресепшн қызметкері болып жүрген Ғанибет атты қыздарыңыз. Баға бере кетейік.Пікірлеріңіз өте қызық болып тұр”, – деп таңданысын жасыра алмады.
Ол офиске келіп, кездейсоқ қызметкерінің ерекше дауысын естіп қалып әңгімеге тартқан.
“Ғанибеттің негізгі мамандығы – мұғалім. Біздің орталықта балаларды қабылдайтын администратор. Өнерден алыс салада жұмыс істесе де, дауысы керемет. Көз алдарыңызда жанды дауыста халық әні “Әдемі қыз” бен “Қорқыт-қобызды” орындап берді. Тасадағы талант деген осы шығар”, –деп сәттілік тіледі.
Желі қолданушылары арнайы дайындалған видео деп сенбесе, бірі әнші қыздың өнерін жоғары бағалап жатыр.