Русский Сайттың толық нұсқасы

"Допинг қабылдады" деп айыпталған қазақстандық әлем чемпионы ақталды

  • AstanaTV
  • 31 қазан 2023
  • 715

"Допинг қабылдады" деп айыпталған жеңіл атлетикадан алғашқы әлем чемпионы, Қазақстан атынан өнер көрсетіп жүрген Нора Джеруто толығымен ақталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Сіздерге тамаша жаңалықты бөліскіміз келеді. 2023 жылдың сәуірінде "допинг қолданды" деп айып тағылып, барлық жарыстан шеттетілген клубымыздың спортшысы Тануи Нора Джерутодан барлық күдік алынды", - делінген Аltay athletics клубының әлеуметтік желідегі парақшасында.

Алайда клуб кейінірек бұл жазбаны Instagram-дағы парақшасынан да, ресми сайтынан да өшіріп тастаған.

Нора Джеруто 2022 жылғы әлем чемпионатына Қазақстан атынан қатысып, 3000 метрге жүгіруде жеңімпаз атанды және ел тарихында әлем чемпионатында алтын медаль алған тұңғыш спортшы атанды. Ол 2018 жылы Қазақстан азаматтығын алған.

Еске салайық, биылғы сәуірде қазақстандық жеңілатлет Нора Джеруто "допинг қолданды" деп айыпталған еді.

Кейінірек Жеңіл атлетика федерациясы бұған қатысты қатысты түсінік берді.