Астық олигархы Нұрлан Тілеубаевқа сот үкімі шықты. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше “Delta Bank" АҚ ісіне қатысты тергеу жалғасып жатыр. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.
Тергеу барысында Н.Тілеубаев пен оның туыстарына тиесілі мүліканықталып, оған тыйым салу туралы санкция берілді.
Оның ішінде Чехияның Прага қаласында орналасқан элиталық мейрамхана, төрт бөлмелі пәтер және 3 компаниядағы 100% акциялары, сондай-ақ БАӘ-дегі құны шамамен $5 млн болатын Palm Jumeirah орналасқан вилла бар.
Сонымен қатар, Латвиямен ынтымақтастық аясында халықаралық тергеу кепілдігін жіберу арқылы Латвияда орналасқан «Вентспилс астық терминалының» 100% үлесін (құны 27 млрд теңге) қамауға алу санкцияланды.
Бұл ретте Н.Тілеубаевқа тиесілі 5 қант зауыты мен 58 нысан (13 жер телімі, 40 көлік, 1 пәтер, 4 ғимарат) Проблемалық несие қорына берілді.
Сот үкімімен Н.Тілеубаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қазіргі уақытта Н.Тлеубаевтың және оның компанияларының заңсыз қызметінің құрбандары ретінде «ҚазИнвестБанк» АҚ (шығын 131 млрд. теңге), «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (2,3 млрд. теңгеге талап-арыз) және «БЖЗҚ» АҚ (5 млрд теңге өндіріп алу туралы азаматтық сотқа жүгінген) болып табылады.
Қаржылық мониторинг агенттігі активтерді іздеу және қайтару бойынша жұмысты жалғастыруда.