Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавлда көктайғақтың кесірінен 63 адам жарақат алды

  • AstanaTV
  • 31 қазан 2023
  • 901

Петропавлда соңғы үш күнде жарақат алғандардың саны артты. Қалалық көпбейінді аурухананың травматология бөліміне осы аралықта 180 адам қаралған, әр үшіншісі далада тайып құлап жарақаттанған, деп хабарлайды Kazinform.

Ауа райының өзгеруіне байланысты соңғы үш күнде көшеде құлап, жарақаттанғандардың саны өсті.

Сенбіден бастап осы күнге дейін Петропавлдағы көпбейінді аурухананың жарақат пунктіне 180 адам келген.

Оның 63-і көктайғақтың салдарынан зардап шеккен.

Басым бөлігі — егде және орта жастағылар.

«Негізінен қолдың басы, білезік сүйектері, жіліншік сынған. Иықтары шығып кеткен. Соңғы түскендерді ауруханаға жатқыздық, олардың жіліншіктері сынып, табан сүйектері шығып кеткен. Сырқаттарға ота жасалды. Тағы біреуінің жамбасы сынған», — дейді травматологиялық пунктің меңгерушісі Валерий Грибашов.

Қалғандарына алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, гипс салынып, амбулаторлық ем алуға үйлеріне жіберілді. Олар енді алдағы 1-1,5 айды үйде өткізеді.

«Көктайғақ болғандықтан сақтық шараларын ұстану қажеттігін көпшілік естен шығарады. Әдеттегідей асығады. Бірі жұмысқа кешігем деп, енді бірі автобусқа асыққан. Десек те осы үш күнде жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендер түскен жоқ», — дейді Валерий Грибашов.