«AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаев тұрғындарды қабылдап, мәселелерін тыңдады. Республикалық қоғамдық қабылдауға келгендердің бірі тұрғын үй мәселесін көтерді. Көп балалы ана мемлекеттік бағдарламаларға өзгеріс енгізуін сұрады. Одан бөлек, тұрғындар тарапынан денсаулық сақтау, жол, жұмыспен қамту сияқты әлеуметтік мәселелер көтерілді. Сұрақтар онлайн форматта да түсті. Партия Хатшысы жауапты мамандарға тапсырмалар мен тиісті ұсыныстар беріп, аталған мәселелердің оң шешілуін бақылауда ұстауға уәде берді. Жалпы «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне жыл басынан бері 56 мыңнан астам тұрғын жүгінген.
Баян АЛШИНБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Мемлекет басшысы өзінің 2019 жылғы жолдауында көп балалы және аз қамтылған 300 мыңға жуық отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуді тапсырған еді. Яғни, 2019 жылға дейін кезекте тұрған осы отбасылар баспаналы болу керек еді. Жолдауда нақты қанша қаржы бөлінетіндігі туралы да айтылған еді. Қазір Үкімет осы тапсырма бойынша ешқандай жауап бермейді. Ақшаның игерілген, игерілмегені туралы да ауыз ашпайды.
Ержан ЖЫЛҚЫБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:
Негізгі мәселелер сол әлеуметтік мәселелер. Тұрғын үй кезегіне тұру, тұрғын үй мәселесін шешу, екінші жұмыс мәселесі, одан кейін кейбір депутаттарымызға азаматтарымыз келіп өздерінің арыздарын беріп жатыр. Депутаттардың жұмыстары жөнінде. Жалпы біз қазір өңірлердегі депутаттардың фракциялық жұмысын күшейттік. Бүгінгі мәселелер өз шешімін табады деп сенеміз. Қазір әріптестерімізбен, өңірлердегі филиалдармен, әкімшілікпен бірлесе отырып шешеміз.