Русский Сайттың толық нұсқасы

"Ауыл шаруашылығында қолданылатын дәрі сепкен",- вице-министр Ақтауда қандалаға қарсы дәрі шашқандар туралы айтты

"Ауыл шаруашылығында қолданатын дәріні сепкен". Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Ақтау қаласында пәтерде қандаланы улаудан кейін көз жұмғандар мен ауруханаға түскендерге қатысты осылай деді. Оның сөзінше, қандалаға қарсы улаудың соңы қайғылы жағдайға әкелуінің бірден-бір себебі- тұрғындардың дәрі нұсқаулығына қарамағандығы. Олар “У”-дың атына да, қандай мақсатта қолдану керектігіне де мән бермеген деді.

Айжан ЕСМАҒАМБЕТОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ - ҚР БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:

Бір отбасының 7 мүшесі уланып, екеуі көз жұмды. 5 азамат емделіп, ауруханадан шығарылды. Пәтер иесі “У”-ды Алматыдағы базардан сатып алған. “У”-дың не атын білмейді, оның нұсқаулығына да қарамаған. Олар ешкімге айтпай оны үйде пайдаланып, өздері кетіп қалған.