Русский Сайттың толық нұсқасы

Қар, көктайғақ, тұман: Қазақстан бойынша 1 қарашаға арналған күн райы болжамы

  • AstanaTV
  • 31 қазан 2023
  • 909

Синоптиктер 2023 жылғы 1 қараша күні Қазақстанда күн райы қалай құбылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, тек республиканың батысы мен оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады.

"Республика аумағының басым бөлігінде атлантикалық циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалымен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп болжанды. Тек елдің батысында, оңтүстігінде антициклон жотасынан ауа райы жауын-шашынсыз болады", – делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, облыстың орталығында жаяу бұрқасын болады.